Еліміздің барлық мешіттерінде Айт намазы оқылды


Дата: 24.05.2020 00:07:02 Просмотров: 1316 Длительность: 01:14
Поделиться:

Категории: Фильмы
Еліміздің барлық мешіттерінде Айт намазы оқылды

Бүгін исі мұсылман қауым үшін Рамазан айы аяқталып, қасиетті Ораза айт басталды. Осыған орай таңмен таласа, еліміздің барлық мешіттерінде Айт намазы оқылды.

Бұл күні барша жамағат айт мейрамын тойлап, осы күнге аман-есен жеткендеріне шүкіршілік етіп, бір-біріне ізгі тілектерін білдіреді. Алдағы үш күнде әрбір мұсылманның шаңырағында дастархан жайылып, қонақтар шақырылады.

Бұл күндері ренжіскен адамдар татуласып, қайырымды іс жасаған әрбір мұсылманға Алладан үлкен сауап жазылады. Рамазан – береке мен бірлік, қайырымдылықтың айы болса, Ораза айт адамдардың жан дүниесін қуанышқа бөлейтін, Ұлық мереке деп саналады.

Серікбай қажы Ораз, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы

-Мұхаммед пайғамбарымыздың хадис өсиетінде осы айт күндерде біз өзіміздің ерекше туыстарымызғ, бауырларымызға мейірімділік жасауымыз, қоғамымыздағы мұқтаж болған жанұяларға және жетім жесірлерге көп хайри иқсан жасаумен ерекшеленуді бұйырған.

Әнияш қажы Байсалбекова, қала тұрғыны

-Бір ай ораза ұстап, бір ай тарауих намазына қатысып, бір ай күнде осы жерде ауызашар беріліп жатты. Қаншама азматтар ат салысты. Сондай жақсы өткіздік. Осындай мұсылмандардың мейрамын.

Похожие видео:

Написать комментарий




Комментарии

Никто ещё не оставил комментариев, станьте первым.